Қаламың ұшталсын, жас қаламгер!

Имени героя Советского Союза Маншук МаметовойМектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған республикалық «Мен қазақстан патриотымын!» атты шығармашылық байқауында қазылар алқасының шешімімен Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері, «Ақындар» клубының мүшелері  Мырзабай Ақілгек,  Қабылбекова Қымбат бас жүлдені  алса, I орын Қайырова Бекзада, II орын Жамашова Элеонора, III орын Маханбетжан Гүлсана қанжығасына байлады. Сонымен қатар жоғарыды аталған  шығармашылық байқауына шәкірттерін қатыстырып, белсенділік танытқаны үшін Ақтөбе медициналық колледжінің қазақ тілі  мен әдебиеті  пәнінің оқытушысы Амантаева Сандугаш Асылхановна, информатика  пәнінің оқытушысы Садыкова Гульнар Сериковна, орыс тілі пәнінің оқытушысы  Испанова Гульдана Кенесовна  дипломмен марапатталды.