30 наурыз 2023жылы  колледжде педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

  1. «Мейіргер ісінің»; «Стоматология»; «Ортопедиялық стоматология» бөлімінің жұмыстарын тексеру қорытындысы.
  2. МСАК және аурухананың бас және аға мейіргерлерін тарта отырып, мейіргер мамандарына тәлімгерлік институтын енгізу.
  3. Бітіруші топтардың студенттерінің білім сапасын талдау.
  4. Студенттердің ортада теріс көріністер мен зиянды әдеттердің, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстары, Колледжде ішкі тәртіп ережесінің сақталуын жүзеге асыру.

Қорытындысында колледж  ұжымы алдына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқып жатқан қолданбалы бакалавр студенттерінің санын есептеп, аудандық медициналық мекемелердегі ментор санын көбейту, Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр түлектерін «Менторство» циклы бойынша  білім жетілдіру курсынан өткізу жұмыстарын жүргізу, бітіруші түлектерді Ұлттық тәуелсіз емтиханға дайындау және ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтау міндеттері қойылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой