Қазақ халқының ұлы батыры, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай 2022 жылғы 6 қазанда колледжде, М.Мәметованың ерлігіүлгісінде, студенттердің ұлттық болмысын, азаматтық және патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында халықаралық семинар өткізілді. Семинарға: Невель тарихы мұражайының меңгерушісі Л.Арциховская, Невель қаласы, Псков облысының «Гвоздика» іздестіру отрядының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары И.Малахов, Мәскеу қаласынан Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан Қазақстаннан келген сарбаздардың туған іздеушісі, профессор Төлешов Асылбек Қуантайұлы, Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайының  директоры  С. Қалтаева, Орал қаласы Мәншүк  Маметова  мемориалдық  музейінің  маманы А.Ғалиева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  АҚ филиалы, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры  Н. Әбішева, МҚұсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының директор орынбасары К.Смадияр, сондай-ақ online режимде Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің студенттері қосылды. Осы орайда студенттер арасында отансүйгіштікке баулуда ұстаздар қауымының рөлі атап өтілді, атап айтқанда: колледжге Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру, Мәншүк Мәметованың бюстін ашу және М.Мәметоваға атаулы шәкіртақы тағайындау туралы айтылды. Халықаралық семинарға қатысқан барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой