Онлайн кәсіптік бағдар беру конференциясы
2021 жылдың 2 ақпанында Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде Ақтөбе облысының білім басқармасымен бірлесіп облыстың аудан мектептері үшін (9-10-11 кластар) облыстық кәсіптік бағдарлау онлайн конференциясы өткізілді. Конференцияға облыстың 12 ауданының мектептері қатысты. Кәсіптік бағдар беру конференциясының мақсаты-білім беру бейінін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау үдерісінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру қолдауын көрсету. Кәсіптік бағдар беру жұмыс тобы конференция қатысушыларына колледж, мамандықтар және оқуға түсу ережелері туралы, “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу туралы ақпарат берді, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Конференция барысында мектеп оқушылары белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Көбісі медициналық колледжде оқуға түсуге ниеттерін білдірді