«Стоматология» бөлімінің ата-аналар комитетінің құрамы 2015-2016 оқу жылы
Хаттама №1
«Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Гигиена и эпидемиология»,
«Фармация», «Лабораториялық диагностика» бөлімдерінде өткен ата-аналар жиналысының хаттамасы
5 қыркүйек, 2015 ж
Қатысқандар саны:435
Күн тәртібінде
1.Баяндама. «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі».
2.2015-2016 оқу жылғы мақсат міндеттерімен, колледждің ішкі тәртіп ережесімен ата-аналарды таныстыру.
3.Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
1-ші мәселе төңірегіндегі баяндаманы 213«Лабораториялық диагностика» тобының топ жетекшісі ..Аймаганбетова А.А оқыды.
«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»-баяндама отбасындағы, қоғамдағы қоршаған ортадағы тәрбие жөнінде кеңінен баяндады. Баяндамадан үзінді беретін болсақ:
Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қасиеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады:ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған.
Қазіргі кезде осы асыл мұра халқымыздың өмірінде жалғасын тауып келе ме? Рас, бүгінгі өмір сүріп отырған ортамызда ұлттық тәрбиенің негізі түгілі өзінің ата-тегін білмейтін әке-шеше, аға-іні, апа-сіңілілердің аз еместігін жасыра алмаймыз. Ұрпаққа ата мұрасын жалғастыру-қоғамның, аға буынның азаматтық борышы.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басына төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр.
Бала бойына дарыған көп қасиеттердің бастауы жанұяда қалыптасады. Ал, отбасында қалыптасуға тиіс дүниетанымның жоқтығы оқу-тәрбие барысында біліне бастайды.Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы.Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Кейбір ата-ана өз балаларын өздері жамандайды.
Жаман бала қайдан пайда болады?
Ата-аналар өздері тарапынан кеткен кінәні ескермей айыптыны іздейді. Жас баланың алғашқыда алға қойған арман, мақсаты болмайды.Оны есіне салатын, ой туғызып арманға жетелейтін біздер.Жас баланың алғашқыда алға қойған арман,мақсаты болмайды. Оны есіне салатын, ой туғызып арманға жетелейтін біздер-үлкендер.Ең дұрысы бақылау, баламен әрқашанда қарым-қатынаста болып тұру. Уақыты жоқ ата-ана біраз уақыт өткеннен кейін баласының өздерін тыңдамайтын, т.б. жат мінездерін байқайды. Одан кейін амалы таусылып, кейін баланы ұрып-соғуға дейін баратын ата-аналар да аз емес. Балаға деген ондай көзқарас жан дүниесін жаралайды, өмірден түңілдіреді.Бара-бара бала тұйықталып, сұраққа қысқаша жауап беретін болады, көңілінде өшпес өкпе пайда болады. Өзін екінші сортты адамдар қатарына қосып қояды. Одан кейін баламен не болатыны түсінікті емес пе? Рақымсыздық көңіліне қаяу түсірумен бірге, өсе келе ата-анасына, өз ортасына мейірімсіздігін көрсете бастайды. «Ұяда не көрсе-ұшқанда соны іледі», үлкенді сыйлау, дөрекі сөз айтпау, біреуді сырттай жамандау сияқты әдеттерді де бала жанұяда ата-анасынан үйренеді.
Кейбіреулер үйіне келген жолдасын не туысын күлімсіреп қарсы алады да, үйінен шығып кеткеннен кейін «ой, өзі бір оңбаған адам» немесе басқаша сөздермен балағаттап отырады. Өздерінің өтірігі, екіжүзділігі балаға қандай әсер қалдырғаны туралы ойламайды.
Тәрбиелеу-тек бір сөзбен немесе айтқанын істету арқылы емес , жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума туысқан, көрші-қолаңмен түсінікте болу, сөйлеу мәнері арқылы қалыптасады. Бала-жанұя тәрбиесінің айнасы.
Жанұяда әр адамның өз орнын білу, дастархан басында отыру мәдениеті «Әке тұрып ұл, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» мақалына лайықты тәрбие.
Кейбір ата-ана бала тәрбиесінің деңгейін сабақ өлшемімен өлшейді. Өте жақсы оқып,өзімшіл, қатыгез, қайырымсыз болса не деуге болады? «Оқу мен тәрбие егіз»-деп осы тұрғыда айтылған болса керек.
Қазақ халқы ежелден ата сыйлаған, ана сыйлаған халық.Әке-шаңырақ иесі, жанұяның басы дейміз.Бала тәрбиесінде «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп бекер айтылмаған.
Ана-шаңырақ жылуы, әке-отбасының тірегі. Әр балаға тәрбиенің ең күштісі-әкенің өнегесі.Әкесі үлгі аларлықтай өнегелі, еңбексүйгіш адам болса, баласы да сондай болуға талпынады.
Баяндама хаттамаға қоса берілгендіктен қысқа-нұсқа түсірілді.
ІІ. Күн тәртібіндегі екінші мәселе төңірегінде және жаңа оқу жылы мен жыл бойғы мақсат, міндеттері, колледжінің ішкі тәртіп ережесі туралы бөлім меңгерушісі Курмангалиева У.У. таныстырды. Оқудағы жалпы мақсат «жеке тұлға» қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімелеседі. Оқушылардың оқу сапасындағы жетістігіне жету үшін мұғалімдердің сапалық деңгейдегі жұмыс жүргізіп келетіні туралы әңгімеледі. Колледжіміздің ішкі тәртіп ережесімен ата-аналарды таныстырады. Атап айтсақ:
– Колледж қабырғаында және клиникалық базаларда медициналық форма мен ауысымдық аяқ киім киюге, белгіленген киім формасын сақтауға;
– Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз рұқсат етілмеген сурет пен бейне түсірулер, аудиожазбалар жазуды жүргізбеуге;
– Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз рұқсат етілмеген әлеуметтік желі, сайттар, бейнесайттарға т.б. сурет пен бейнетүсірулер, аудиожазбалар пайдаланбауға;
– Колледж меншігін сақтауға .Колледж аумағында және ғимаратында тазалықты сақтау;
– Тәртіптің жалпы қабылданған этикалық нормасын бұзбауға;
– Оқу процесінде ұялы телефондарды пайдаланбауға;
– Жіберілген сабақ сағаттарын себептеріне қарамастан сабаққа қайта шыққан күннен бастап 2 апта аралығында өтеуге;
– Колледж оқушылардың арасында қылмыстың көбеюіне байланысты ата-аналар жауапкершілігін арттыру мақсатында талап етілетін мәселелерге тоқталып өтті:
1.Оқушыларға кешкі сағат 21:00-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салынады.
2.Ата-ана сабақтан тыс кезде өз баласының өмір қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауап береді.
3.Ата-ана топ жетекшісімен үнемі байланыста болуын сұраймыз.
4.Туысқанының үйінде жатып оқып жатқан оқушының туысқанына, сол оқушының тәртібі мен өмір қауіпсіздігіне толық жауап беретінін ескертеміз.
Бөлім меңгерушісі Курмангалиева У.У. сөз алды:
Аса құрметті ата-аналар сіздердің балаларыңыз болашақ маман болу үшін біздің колледжге түсіп отыр. Сіздерді колледжіміздің ішкі тәртібімен, оқу жүйесімен таныстыру үшін жинап отырмыз. Қазіргі таңда әртүрлі дін жолына түсу, жастар арасында әр түрлі қылмыстың орын алып отырғаны белгілі. Сондықтан, осы жаман қылықтардан аулақ жүру үшін сіз ата-ана, біздер оқытушы болып бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Ата-анасы бақыламаған балаларды көше мен кино тәрбиелейді.Сондықтан баланың болашағын ата-анасы сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, ойлап тәрбиелеу керек. Сіздер үйден, біздер оқу орындарында, көшеде ішкі істер қызметкерлері балалардың қайда, қалай тұрып, немен айналысып жатқанын бақылап, тексеріп отырсақ қандай қылмыс болмасын тосқауыл болады. Сабақтан себепсіз қалмай, кешкілік беймезгіл уақытта көшеде жүрмей, артық көңілді кештер жасамай сабағымызды жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға араласып жүрейік.
119 «Ортопедиялық стоматология» тобының топ жетекшісі Қарабасова А.Е. сөз алды:
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл- жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
ІІІ. Үшінші сұрақ бойынша топ жетекшілер колледж ішіндегі кейбір қоғамдық шаралардың ата-аналармен шешіп отырғандығын ескертіп, ата-аналарды ата-аналар комитетінің мүшелігіне сайлады.
Қабылданған қаулы:
Студенттерге сапалы білім мен тәрбие болу үшін колледж және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
- Ата-аналар тарапынан студенттердің сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысымы, колледждің ішкі ережесі қадағалансын. Бұл міндет топ жетекшілеріне жүктелсін.
- Ата-аналар комитетінің мүшелері:
Ата-аналар комитетінің мүшелері туралы мәлімет
№ |
Аты-жөні |
Кімнің ата-анасы |
Мекен-жайы, телефон |
Жұмыс орны |
1 |
Адильханова Айнур Жеткезгеновна |
Бауыржан Айжан 215 топ
|
Ақтөбе қаласы, Заречный 2,453 а
|
«Миллениум» аптекасы |
2 |
Елубаева Кибат Испандияровна |
Тайбакова Айнур 215 топ
|
Ақтөбе қаласы, Маяковский 6
|
«Тарлан» колледж бухгалтері
|
3 |
Тризио Ирина Алексеевна |
Еламанов Олег- 320 топ
|
п.Пригородный, 98-41-61 |
Средняя школа библиотекарь |