Құқықбұзушылықтың алдын-алу
Құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлім прокурорының міндетін атқарушы М.Б. Жармешовтың, Ақтөбе қалалық білім басқармасының жетекші маманы А.Д. Тампилованың, ІІБ Илек полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.У. Калиеваның қатысуымен колледжде 2019 жылдың 17 сәуір күні кездесу өтті. Кездесуге бөлім меңгерушілері, оқытушылар және студенттер қатысты. Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Кездесу барысында құқықбұзушылық туралы бейнетаспа көрсетілді. Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлім прокурорының міндетін атқарушы М.Б. Жармешов «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында дәріс оқыды. Учаскелік полиция инспекторы әрбір қылмыстық жауапкершілікке тоқтала отырып, сұрақтарға жауап берді.