Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру
10 қазан 2017 жылы Кеңес Одағы Батыры Мәншүк Маметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»тақырыбында кездесу өтті. Бұл шараның қоңақтары:
Нұрғалиев Елеусіз Ондабергенұлы – Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары Мурзалин Ахат Ахметұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Сариев Өтеген Рафхатұлы — техникалық факультет деканының орынбасары , Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі «Нұр Отан» партиясы қоғамдық ұйымының бастауыш партия ұяшығы төрағасының орынбасары,
техника ғылымдарының кандидатыСарсенбин Үмбетхан Қуандықұлы – «Әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент.
Кездесудің мақсаты: студенттерге «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласын жеткізу, Қазақстанда үшінші жаңғыру басталғаның, мақсатымыздың айқын, бағытымыздың белгілі екенің, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенің жеткізу.

