Ағымдағы жылдың 8 қырқүйек күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледж директоры, Кузбаков Мажит Хамитұлын құрметті демалысқа шығарып салу шарасы өтті.

Арнайы колледж директоры міндетін 13 жыл мінсіз атқарған Мажит Хамитұлының  дара жолына арналған кеш ұйымдастырылып облыс басшысы Асхат Шахаров атынан құттықтау хатты денсаулық сақтау басқарма басшысы  Рустем Исаев табыс етті. «Дара жол» кешіне Мажит Хамитұлымен  әр жылдары өзімен  енбек жолында бірге  болған медицина саңылақтары және білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасының, медицина қызметкерлер «Сенім» кәсіподақ  өкілдері, колледж ардагерлері  қатысты.

Астана қаласынан интернет желісі арқылы Денсаулық Сақтау Министірлігінен және Қазақстан медициналық колледждер одағының өкілі құттықтап, «Медициналық Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін»  төсбелгісімен марапатталды.

Мажит Хамитұлы практикалық медицинада жоспарлы және  шұғыл хирургия мен эндобейнехирургияны жетік меңгерген, білім беру мен   емдеу қызметін қоса атқарып жүрген жоғары санатты хирург дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, доцент, денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар білікті маман әрі басшы, 45-тен аса ғылыми жұмыстың авторы.  36 жыл аянбай енбек етіп облысымыздын басқарған емдеу мекемелерінде жаңашылдық заманауи әдістер енгізіп, кардиохирургия орталығын ашуға мұрындық болған. 13 жыл бойы  медициналық колледжге  басшылық етіп, оқу орнын республика бойынша алдынғы қатардан көруіне аянбай енбек етте. Елеулі еңбектері бағаланып  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Ы.Алтынсарин», «ҚР Денсаулық сақтау кәсіподағының үздігі», «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қенес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы» атындағы төсбелгілерімен марапатталған.  

«Дара жол» кешінде Мажит Хамитұлының енбек жолы туралы бейнефильм көрсетіліп, атқарылған жұмысына оң нәтиже беріліп, құрметті еңбек демаласына шығарылып,   Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Кеңес Одағының Батыры  Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары Медициналық колледжінінің директоры болып Сәкен Тәжигереевич Қапанов тағайындалды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой