30 мамыр   2023 жылы  колледжде  кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1.Әр мамандық бойынша оқу әдістемелік кешеннің пайыздық көрсеткішін талдау

2.Білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастырудағы әлеуметтік серіктестің маңыздылығы.

3.PLATONUS ақпараттық бағдарламасында қатаң есептегі оқу құжаттамасының электрондық нұсқасының талапқа сай толтырылуын талдау және есебі.

Қортындысында колледж  ұжымы    алдына  оқу жылының басында оқытушының  жеке жоспарын құру кезінде барлық мамандықтар бойынша  толық қамту үшін ПОӘК –ді (пәннің оқу әдістемелік кешені)  әзірлеу және бекіту,әлеуметтік серіктестермен жұмысты одан әрі жетілдіру үшін келісім шарттарға отыру жұмысын жандандыру,«Мейіргер ісіндегі білім, ғылым және тәжірибенің үштігі» жол картасы аясында АМСК мейіргерлерінен менторлар саны  көбейту,жұмыс берушілер мен менторлармен жыл сайын «Жұмыс берушілер күнінде», т.б. ашық шаралар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру,пән оқытушылары электрондық журналдарын толтыру кезінде қатаң есептіліктегі құжаттарды жүргізуге қойылатын нормативтік талаптарды сақтау міндеттері қойылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой