31 қаңтар 2023 жылы колледжде педагогикалық кеңес болып өтті.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі төмендегідей мәселелер тыңдалып, талқыланды:
- 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша студенттердің сабаққа қатысуы мен білім сапасын талдау
- Ақтөбе облысының Медбикелік іс дамыту орталығы жұмысының жылдық есебі, 2023 жылғы жұмыс жоспарын бекітуге ұсыну
- Инклюзивті топтардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін талдау (аралық аттестаттау қорытындысы бойынша)
- Жастар арасындағы рухани адамгершілік тәрбиенің маңызы
- 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға комиссия құрамын бекіту
- Әртүрлі мәселелер.
Оқу ақысын төлеуге жеңілдік беруді тағайындау.
Қортындысында колледж ұжымы алдына білім сапасын көтеру мақсатында студенттердің сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысымына тұрақты талдау жасау, аудиторлық сабақтарда оқытудың инновациялық технологиялары тұрақты қолдану, бітіруші топтар арасында тәжірибелік сабақтарда жедел көмек көрсету стандарттарды және коммуникативті дағдыларды қолдану, оқу үрдісінде оқытудың сапасы мен тиімділігін көтеру, сабақтың ғылыми-әдістемелік деңгейін жақсарту, студенттердің кәсіби шеберліктерін практикаға негіздей отырып оқыту, клиникалық мейірбикелік нұсқаулық бойынша бакалавр мейірбикелерін оқыту жұмыстары жалғастыру, инклюзив топтарында жүргізілетін пәндер бойынша аудио жазбалар жасау, білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына, колледжішілік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін арттыру міндеттері қойылды.
2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға комиссия құрамын бекітілді.
Педагогикалық кеңестің шешімімен 2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап 315 Емдеу ісі тобы студенті Жұмалы Перизатқа оқу ақысын төлеуге 30% жеңілдік берілді.
