Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасы
2018 жылдың 27 қыркүйек күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауына сыр бүккен Ақтөбе өңірі» тақырыбында Әлия Молдағұлова ауылына сонымен қатар «Алия» атындағы патриоттық-орталығына саяхат жасалды.

Әлия ауылының тұрғындары жылы шыраймен қарсы алып, ауылдық Мәдениет үйінде студенттердің қатысуымен «Шығыстың қос шынары» атты мерекелік кешті тамашалады. Мерекелік кештен соң «Алия» патриоттық орталығының директоры Бағдаш Абдіжалиқызы мұражай қорымен құнды заттардың тарихымен студенттерге ақпарат берді. Көңілге ой салатын, жастарды патриоттық рухын көтеретін, отанын құрметпен сүюге жетелейтін терең ойлар талқыланды.

Одан кейін Асан Қайғы баласы, киелі де қасиетті жер Талдысай ауылында орналасқан Абат-Байтақ кесенесіне экскурсия жалғасты. Абат-Байтақ кесенесінің тарихымен және кесенеге жақын жерде орналасқан XYIII ғасырда күйдірілмеген кірпіштен салынған «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп аталатын кесене тарихымен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда филиалының меңгерушісі Такенов Қонысбек таныстыру жұмысын жүргізді. XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан.

Жастарымыз тарихи-мұраларымызды дәріптеу, оларды құрметтеу басты міндетіміз екенін және батыр апамыз Әлия Молдағұлованың ерен ерлігі туралы, тарихи құнды деректермен танысып өздеріне рухани азық алды.

