Pedagogical Council №6
30 маусым 2021 жылы колледжде онлайн режимде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі төмендегідей мәселелер тыңдалып, талқыланды:
1. Оқу жылының екінші жарты жылдығы бойынша студенттердің сабаққа қатысуы мен білім сапасын талдау.
2. 2020-2021 оқу жылындағы мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысы және студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымының қорытындысы
3. 2020-2021 оқу жылы бойынша тәжірибе жұмысының қорытындысы
4. 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі
5. 2020 -2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмысының қорытынды есебі
Қортындысында колледж ұжымы алдына Бітіруші топтар білім алушыларының Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы арқылы тестілеу нәтижесін жоғары дәрежеге жеткізу үшін жыл бойында мамандық бойынша міндетті кәсіптік дағдыларды дамыту бойынша жұмысты күшейту,коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында вакцинаның тиімділігі жөнінде ата-аналар мен студенттерге түсіндірме жұмысы жүргізу міндеттері қойылды.
