Pedagogical Council №4

30 наурыз  2021жылы  колледжде онлайн режимде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1. 9 сынып негізіндегі  «Медбикелік іс»  бөлімінің  жұмыстарын  тексеру  қорытындысы . 2. Жұмыс берушілер мен медбикелер үшін білімін жетілдіру бөлімінің тренингтік бағдарламаларын өткізу. 3. Әлеуметтік  топтағы  және инклюзивті топ  студенттерімен  жүргізілген жұмыстар. 4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру деңгейі, физикалық өзін-өзі жетілдіру және дамыту қабілеті. 5. Колледждің еріктілер қозғалысы туралы есеп.

Қортындысында колледж  ұжымы    алдына  оқытушылардың пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен  оқу-әдістемелік құралдарды толықтыру,қазіргі таңдағы өзекті «COVID-19 инфекциясымен ауырғандарға реабилитация жүргізу» тақырыбына шебер-класс, семинар-тренингтер өткізу,инклюзивті топтарға сабақ беретін оқытушылар арнайы курстардан өткізу, оның ішінде «Ортопедиялық стоматология» тобына сурдоаудармашы курсын оқыту,салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жандандыру,еріктілер қозғалысын дамытудың инновациялық формалары қолдану міндеттері қойылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой