«Емдеу ісі», «Медбикелік ісі» бөлімдерінің ата-аналар жиналысының хаттамасы № 1

« 30 » қыркүйек 2015 ж.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Күн тәртібінде:

1. «Отбасы – тәрбие бастауы» баяндама;

2. Колледждің ішкі  тәртіп ережесімен ата-аналарды таныстыру;

3. Ата-аналар комитетін тағайындау;          

4. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен ата-аналарды таныстыру

 

Тыңдалды:

      1-мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжібаева С.М..:

      Қоғамның басты байлығы – адам. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Адам – елдің басты байлығы» – деп атап көрсетті. Жан-жақты жетілген, білімді, саналы азаматтар қалыптасқан қоғамның болашағы зор екені белгілі. Ал болашақ иегері – жастар. Сондықтан да жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп келеді. Жастарды Отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, мәдениетке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу қажет. Әрине «Тәрбие тал бесіктен басталады» – деп дана халқымыз тегін айтпаған. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасының тәрбиесі жүйелі болуға тиіс. Әр ата-ана өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуға тиіс.

     

       2-мәселе бойынша бөлім меңгерушісі Жунусова Л.С.:

      «Емдеу ісі»«Медбикелік ісі» бөлімдерінің меңгерушісі Л.С.Жунусова ата-аналарды жаңа оқу жылдарымен құттықтай отырып, колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды:

– білім алушының сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысуын;

– білім алушының оқу орны белгіленген ішкі тәртіп Ережелерін сақтауын;

– қоғамдық орындарда қалыптасқан тәртіп нормаларын сақтауын;

– білім алушының құлықсыз қылықтар мен құқық бұзушылық  жасамауын;

– білім  алушының  түнгі  уақытта ойын-сауық орындарына бармауын қадағалауын;

– сабақтан  тыс  уақытта  жолда  жүру ережелері және өмір  қауіпсіздігіне ата-аналардың жауапкершілігі мәселесі.

     Колледждің ішкі тәртіп ережесімен танысқандығы туралы және балаларының сабақ үлгерімі мен тәртібіне, сабақтан тыс уақыттағы жауапкершілігі жөнінде ата-аналардан қолхат алынды.

      

       3-мәселе бойынша бөлім меңгерушісі Жунусова Л.С.:

      Ата-аналар комитетінің құрамына бөлімдердегі топ жетекшілер төмендегі ата-аналарды ұсынды:

  1. 101 емд. Ісі Аманғосқызы Айнұрдың анасы Құдайбергенова Ирима -төрайымы;
  2. 109 с/д  Матыгулова Айнұрдың анасы Егорова Галина Викторовна;
  3. 112 м/ісі Сейілханқызы Альбинаның анасы Жалмұқанова Зауре;

     

      4-мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжібаева С.М.:

       Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Қазақстан Республикасының № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды. Бұл Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Ақтөбе медициналық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Жалпы колледж әкімшілігі тарапынан толық қадағалау жұмыстары жан-жақты жүргізіледі. Сонымен қатар сенім жәшігі мен сенім телефондары үнемі қызмет атқарады.

 

Қаулы:

  1. «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбындағы баяндама қанағаттанарлық деп танылсын;
  2. Студенттердің колледждің ішкі тәртіп ережесін сақтауы қадағалансын;
  3. Ата-аналар комитетінің төрайымы мен құрамына ұсынылған ата-аналар сайлансын;
  4. «Емдеу ісі», «Медбикелік ісі»бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі қадағалансын.

 

Бөлім меңгерушісі:             Жунусова Л.С.

                     Хатшы:             Муханова Ж.Ж.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой