Мәншүк Мәметоваға тағзым!

2 қазан Мәншүк Мәметованың туған күніне орай Ақтөбе медициналық колледжі жанындағы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражайда ашық есік күні өткізіледі. Мұражай 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды.Бұл шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары. колледж студенттері және мектеп оқушылары қатысады. Мәншүк Мәметоваға тағзым ету мақсатында гул шоқтарын қою,еске алу рәсімі жасалады.
Мақсаты:Ұлы Отан соғыс Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігін кеңінен насихаттау.Мұражайдағы жаңа жадігерлермен таныстыру.







