Колледждің 90 жылдығына орай бірқатар мәдени-көпшілік, рухани-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі «Мейіргер персоналы қызметінің сапасын бағалау және зерттеу: тәжірибе, мәселелер және перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Ғылыми-практикалық конференция — пікір алмасудың, жаңа нәрселерді білудің және әлеуметтік шеңберді кеңейтудің ең жақсы тәсілі.
Конференцияның қатысушылары арасында Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Ұлытау, Түркістан, Орал, Ақмола облыстарынан, Астана қаласының, сонымен қатар Ресей Федерациясы Саратов қаласының, Қырғызстан Республикасының өкілдері болды. Бағдарлама бойынша конференция екі бөлімді қамтыды. Біріншісі, қонақтарды қарсы алу, тіркеу, конференцияның ашылуы. Екіншісі, қорытынды және марапаттау. Конференцияны колледж директоры С. Т. Капанов сөз сөйлеп ашты, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетіліп, білімді, білікті маман дайындауда денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі еңбектері таныстырылды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Г.А. Елеуов және Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Б Сұлтангереев құттықтау сөз сөйлеп сандаған жылдарды кәсіби білікті маман дайындауға жұмсаған колледж қабырғасынан шыққан мамандардың қазіргі уақытта халыққа игілікті қызмет етіп жатқанын атап өтті. Мерейтойға арналған құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы А.С. Наурузбаева, «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ» қоғамдық бірлестігі басшысы Қ.Қ.Сабыр, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Б.Б. Күзембаева және медициналық мекемелер мен республиканың басқа да колледждерінің басшылары болды. Кейін қатысушылар екі секцияға бөлініп жұмыстарын офлайн және ойлайн форматта қорғады. Қорытындысы бойынша қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Ғылыми-практикалық конференция соңында қатысушылар конференцияның ұйымдастырылуының жоғары деңгейде болғанын және үлкен әсер алғанын айтты, маңызды тарихи оқиғалар мен жемісті жетістіктерге толы білім ордасына ыстық лебіздері мен тілектерін, ұйымдастырушыларға, колледж ұжымына ризашылықтарын білдірді.
90 жылдық мерейтой құрметіне орай ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылуы мен өткізілуі жағынан жоғары деңгейде өтті. Оны қатысушылардың пікірінен аңғаруға болады.



