Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің ШЖҚ » Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы   Ақтөбе  Жоғары  медициналық колледж» МКК байқау кеңесі Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы   Ақтөбе  Жоғары  медициналық колледж» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік).

Кәсіпорынның атауы: Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы   Ақтөбе  Жоғары  медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

 

Орналасқан жері: 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Шернияз Жарылғасұлы көшесі, № 18, тел. (87132) 400-498, Е-mail  medkolledg70@mail.ru

 

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы өндірістік шаруашылық қызметі мен лицензиясы негізінде  білім беру қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Медициналық мамандықтар бойынша белгіленген үлгідегі құжаттардың берілуімен білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын, қосымша кәсіптік білім беруді жүзеге асыру.

         Орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті  мамандармен қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

        

КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

         Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.

Қоғамдық, денсаулық сақтау қызметін дамытуда жоғары білікті, кәсіби дағдылары дамыған, жаңа технологияларды игерген, төтенше жағдайларға икемді, жаңа реформаларға атсалысатын бәсекеге қабілетті орта буын медицина мамандарын дайындау сапасын одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Оқу үрдісінде, симуляциялық оқытуда оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді.

 Орта буын медицина мамандарын дайындауда оқытушылардың біліктілік санатын, Болон декларациясының принциптеріне негізделген мейіргер мамандарын дайындауда Акдемиялық бакалавр- Магистр – PhD  доктор үштік моделін арттырып отырады.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

         Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

         Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

         Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

         Ішкі  этиканың, еңбек тәртібі талаптарының, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.

 

БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін — кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

БІЛУІ ҚАЖЕТ:

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050″ Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар;

төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;

статистика критерийлері мен көрсеткіштері;

мейірбике ісі саласындағы шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;

халықты санитарлық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Шернияз Жарылғасы-ұлы көшесі, № 18, тел. (87132) 400-498, Е-mail  medkolledg70@mail.ru

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

     1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

     2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

     3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

     4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

     5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қарашадағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 04 қараша 2020 жылы № 21579 болып тіркелген) 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

         Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ КҮНІ: Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Күні: 02.10.2023 жыл сағат 12-00.

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ: 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Шернияз Жарылғасы-ұлы көшесі, № 18, тел. (87132) 400-498, Е-mail  medkolledg70@mail.ru