Педагогикалық кеңес №6

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

30 маусым   2023 жылы  колледжде  кезекті педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1.Оқу жылының екінші жарты жылдығы бойынша студенттердің сабаққа қатысуы мен білім сапасын талдау

2.2022-2023 оқу жылындағы бітірушілерін тәуелсіз аттестаттау нәтижелері және емтихан комиссиясының жұмысының қорытындысы

3.2022-2023 оқу жылы бойынша тәжірибе жұмысының қорытынды есебі

4.2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі

5.2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмысының қорытынды есебі

6.2022-2023 оқу жылдары бойынша байқау кеңесінің жылдық есебі

7.Ағымдағы мәселелер

Білім алушыларды ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы комиссия шешімі

Қортындысында колледж  ұжымы    алдына  студенттердің білім сапасы көтеру мақсатында пән оқытушылары педагогикалық шеберліктерін одан әрі  арттыру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа бағдарламаларын кеңінен пайдалану, студенттердің кәсіби шеберліктерін практикаға негіздей отырып оқытылуын қолға алу, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуын жылдамдату үшін Enbek.kz сайтынан тіркелуден өтіп, түйіндемелерін жүктеуіне колледж тарапынан ықпал ету,студеттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, 2023-2024 оқу жылына арналған ISBN әдістемелік нұсқаулығының басылымдарын көбейту, әр оқу жылында шығарылатын даналарды көбейту және студенттердің оқу үдерісіне енгізу жұмыстарын жүргізу  міндеттері қойылды.

Комиссия шешімі бойынша ұсынылған төмендегі білім алушылар: 

1.103 «Мейіргер ісі»  тобына –128 «Мейіргер ісі» тобының студенті Тургалиев Темиржан Бауыржанович  

2.118 «Мейіргер ісі»  тобына — 130 «Мейіргер ісі» тобының студенттері Ағырай Жансая Мұқтарқызы, Әбдіраева Сағыныш Жылқайдарқызы,Туреханов Азамат Максатович, Серикбаева Гулдаурен Шектибаевна 

3.213 «Мейіргер ісі»  тобына — 219 «Мейіргер ісі» тобының студенттері Полатбаева Әсем Асқарқызы, Рүстемқызы Айдана 

4. 119 «Сестринское дело» тобына -220 «Сестринское дело»  студенттері: Кулжанова Динара  Еркеновна, Такишева Земфира  Абаевна

5.216 «Мейіргер ісі»  ҚБ тобына — 229 «Мейіргер ісі» ҚБ тобының студенті Ерсайымов Қадіржан Дарханұлы

6.202 «Емдеу ісі», біліктілігі «Фельдшер»  тобына — 228 «Лечебное дело» тобының студенттерін Тлеген Гүлхан Бекқалиқызы, Бапаев Айдос Еркинович педагогикалық кеңестің шешімімен ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылды.

Добавить комментарий