05 қыркүйек 2022 жылы  колледжде  педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте  күн тәртібіндегі төмендегідей  мәселелер тыңдалып, талқыланды:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2022 жылғы 1 қыркүйек. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ.
  2. Педагогикалық кеңесте 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы  бабына сәйкес VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, колледж оқытушылары тарапынан жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығы туралы  өз пікірлері айтылды.
  3. Қабылдау комиссиясының қорытынды жұмысы (2022-2023 оқу жылы)
  4. 2022-2023 оқу жылына оқу үдерісін ұйымдастыру
  5. 2022-2023 оқу жылы бойынша тәжірибе бөлімінің жылдық жұмыс жоспарларын бекітуге ұсыну
  6. 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарлары
  7. 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие бөлімінің жылдық жұмыс жоспары

   Қортындысында колледж  ұжымы алдына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ Қазақстан халқына Жолдауы  әр ЦӘК те талқыланып, осы іс шаралар бойынша жұмыстар жүргізу, оқу процесін ұйымдастыру нормативтік-құқықтық құжаттамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асыру, жаңа үлгілік оқу бағдарламаларына байланысты ЦӘК пен бөлімдердегі жұмыс бағдарламалары мен құжаттамаларын толығымен жаңарту, дуалды оқытуды бойынша студенттер санын көбейту, жеке медициналық орталықтармен үш жақты келісім шарт негізінде мамандар дайындалуына ықпал ету, колледждің ішкі тәртіп ержесін қатаң қадағалау міндеттері қойылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой