30 маусым 2022 жылы колледжде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі төмендегідей мәселелер тыңдалып, талқыланды:

1.2021-2022 оқу жылында Байқау кеңесінің атқарылған  жұмысы  туралы есебі

  1. Оқу жылының екінші   жарты  жылдығы бойынша студенттердің сабаққа қатысуы мен  білім сапасын талдау.
  2. 2021-2022 оқу жылындағы мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысы  және студенттердің  оқу  үлгерімі мен сабаққа қатысымының  қорытындысы
  3. 2021-2022 оқу жылы бойынша тәжірибе  жұмысының қорытындысы
  4. 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі
  5. 2021 -2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмысының қорытынды есебі

Қортындысында колледж ұжымы алдына Бітіруші топтар білім алушыларының Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы арқылы тестілеу нәтижесін жоғары дәрежеге жеткізу үшін  жыл бойында  мамандық бойынша міндетті кәсіптік  дағдыларды дамыту бойынша жұмысты күшейту, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуын жылдамдату үшін Enbek.kz сайтынан тіркелуден өтіп, түйіндемелін жүктеуіне колледж тарапынан ықпал ету, жазғы  демалыс кезіндегі студенттердің қауіпсіздік ережелері, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, табиғаттағы қауіпсіздік, суға түсу кезіндегі қауіпсіздігін қадағалау міндеттері қойылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой