ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде» МКК «ҚР Президентінің сөзімен – балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі екенін атап, сондай-ақ, биылғы  2022 жыл «Балалар жылы» жарлығы негізінде «1 маусым- Халықаралық Балаларды қорғау күнін» ерекше атап өтті. Коледжіміздің екінші корпусының ауласы мерекелік шараға арнайы безендірілді. Аталмыш мерекелік шараға колледж оқытушылары мен қызметкерлері отбасының балалары қатысты. Шараны ұйымдастырушылар- колледж кәсіподақ ұйымы  мен Жалпы білім беретін ЦӘК оқытушылары. ЦӘК оқытушылары  Балдаурен әнін сыйға тартты. Қатысушы баламыз Алмасұлы Алихан «Анама» әнін,  6 жасар Әли Қарақат пен Құрал Айханым «Біз мектепке барамыз» әндерін сахна төрінде көпшілікке паш етті.

       Мерекелік шара өз жалғасын спорттық ойындар мен және «Құпия аралына саяхат» атты  жасырылған қазынаны карта сызбасы арқылы команда мүшелерімен тауып алды. Балалар екі командаға бөлінді. «Барыс» команда капитаны Байшуақ Мадияр жауапкершілік танытып колледж аумағында  «Достық» командасының капитаны Русланұлы Елхан командасымен спорттық ойындар мен ТИК-ТОК әуендерінде ерекшеленді.

        Мерекелік шараға аса белсене қатысқан балаларға әкімшілік атынан құрмет қағаздар табыс етілді. Кәсіподақ ұйымы тәтті тағамдар мен замануи балалардың көнілінен шығатын  сыйлықтар  сыйлады. Шара өз дәрежесінде өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой