Ақтөбе медициналық орталық базасында 2022 жылдың 12 мамыр күні  Халықаралық Мейірбикелер күніне арналған облыстық «Медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру»  тақырыбында Мейірбике ісін дамыту орталығының ұйымдастыруымен конференция өткізілді.      Конференцияны қатысқан қалалық және аудандық медициналық мекемелердің  мейірбекелерін Ао МІДО директор орынбасары З.С Алипова  мерекелерімен құттықтап ашты. Конференцияда  «Мейірбике ісінің жаңа моделі – Заманауи денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігі» колледж директорының практика жөніндегі орынбасары Г.Т.Есказина қолданбалы бакалавриат мейірбикелерді оқытудың маңыздылығы туралы баяндама жасады, Б.К. Абдреева Ақтөбе медициналық орталық бас мейірбикесі «Инфекциялық бақылау»,  Мейірбике ісін дамыту орталығы әдіскері А.Ж. Кожанова  «Профилактика и контроль инфекции, связанных с оказанием медицинской помощи», А.С.Саргузина «Госпитальдық фармация бөлімінің жұмысы» тақырыптарында баяндамалар жасалып және бейнероликтер көрсетілді. Конференцияға қатысушылар баяндамашыларға  тақрып бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алып белсенділік білдірді. Конференция өз мақсатына жетті. Конференция соңында сертификаттар берілді.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой