12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне арналған облыстық сайыс «Ең үздік мейірбике-2022»
2022 жылдың 22 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің симуляциялық орталығы базасында 12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне арналған «Үздік мейірбике -2022ж» облыстық сайысы өтті. Аталған шараны ұйымдастырушылар – Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлердің кәсіптік одағы, мейірбикелер ассоциациясы мен медициналық колледж. Сайыстың мақсаты денсаулық сақтау саласында еңбегімен елдің ықыласына бөленіп жүрген мейірбикелерді қолдау және медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, беделін арттыру. Сайысқа қалалық және аудандық медиицналық мекемелерден 18 орта буын қызметкерлері қатысып, 3 кезең бойынша қатысушы портфолиосы, бейне-ролик, әр түрлі шұғыл жағдайларда көмек көрсету станцияларда практикалық дағдыларды көрсету арқылы сынға түсті. Сайысты колледждің тәуелсіз сарапшылары бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 12 мамырда өткізілетін Облыстық деңгейдегі шарада марапатталады



