ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
«Тәуелсіздіктің құрдастары – еңбектің шыңында»
Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі.
Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағызмыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдында бір төбе.Осы орайда біздің азаттығымызбен,еркіндігіміз үшін жан аямай күрескен қазақ батырларына құрметіміз ерекше. Тәуелсіздікті ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандап, аңсап өткенін, осы жолда қаншама алаш азаматтары басын бәйгеге тіккені санамызда сайрап тұр.
Қаншама батыр қасық қаны қалғанша отан үшін,жер үшін деп жауға қарсы тұрды.Соның бірі біздің қайсар мінезді батырымыз,жерлесіміз Алия Молдағұлова апамыз. Қазақ халқының мәртебесін биікке көтерген, қазақ қыздарының даңқын аспанға көтерген Әлиядай жарық жұлдызымызды мәңгілік мақтаныш ете отырып 25 қараша күні Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова мемориалды музейінде болып қайттық.ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің құрдастары – еңбектің шыңында» атты Тәуелсіз Қазақстанның дамынуына үлес қосқан Ақтөбелік жастармен кездесу кеші ұйымдастырылып жатқан іс-шараға Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәетова атындағы Ақтөбе Жоғары Медициналық колледжінің студенттері осы іс-шараға келіп өз үлестерін қосып,пікірталас жасап,тамашалаған болатын.Музейдегі қазақ батырының елеулі еңбегінің жемісімен,сол кездегі ескі мұралармен танысты.Осы іс- шарада Тәуелсіздік құрдастары студенттерге яғни болашақ жасатарға жол сілтеп,білгенімен бөлісті.Музейде өткен шара жоғары деңгейде өтіп,студенттер өте керемет әсер алды.

