"Жау қайтарған жалғыз"

Мәншүк Мәметованың 23 қазан дүниеге келген күніне орай «Жау қайтарған жалғыз» атты Облыстық көлемде патриоттық шара өтті.

Ұрпақтарды Отансүйгіштікке , ерлікке, адалдыққа баулу. Студенттердің бойына патриоттық сезімін ояту мақсатында «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде» Мәншүк мәметованың 23 қазан дүниеге келген күніне орай  «Жау қайтарған жалғыз» атты Облыстық көлемде патриоттық шара өтті.

  Шара барысында «Мәншүк –қайсар, қаһарман» атты әні орындалып көрініс қойылып, шақырылған қонақтар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Колледжімізде жылдағы дәстүрлі түрде өткізілетін  «Мәншүк Мәметова  атындағы атаулы стипендияға» үздік деп танылған Азаматұлы Даниял «Стоматология» 320 топ, Бақытжанова Мөлдірсұлу «Мейіргер ісі» 402 топ студенттері сертификатқа ие болды,сертификатты колледж директоры Кузбаков Мажит Хамитұлы  өз қолымен табыстады.

 «Сенім» медициналық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының басшысы Сабыр Қанат Қайратұлы «Сенім» Республикалық қоғамдық бірлестігі Облыстық филиалының атаулы стипендиясымен Туребаева Альбина «Мейіргер ісі» 225 топ, Закиров Денис «Мейіргер ісі» 225 топ, Жакупова Амина «Мейіргер ісі» 206 топ, Омарханова Несібелі «Емдеу ісі» 218 топ, Бақыткерей Альфия «Емдеу ісі» 218 топ студенттерін  марапаттады.Шара өз деңгейінде өтті.

Мәншүк есімі – Мәңгілік, Бейнесі жүректе мәңгі сақталады!

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой