1 қазан-Халықаралық қарттар күні
1 қазан-Халықаралық қарттар күнінің қарсаныңда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің Студенттер Кеңесі ұйымдастыруымен өткен«Қарттар және мүгедектер интернат үйі» тұрғындарына кезекті «Қарттар тәрбиесі-асыл қазына» атты тақырыбында концерттік бағдарлама арнады. Сонымен қатар фармация, стоматология мамандығының оқытушылыры мен студенттері қарттарға емдік сусындар тіс протездерін, қан қысымы өлшеу жұмыстары жүргізілді.


