«Туған жердің тарландары»
18 мамыр күні колледждің 2-ғимаратында орналасқан кітапханада президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды қалыптастыру мақсатында Ақтөбе өңірінде өмірге келіп, өсіп-өнген, әдебиет және өнер саласында атақтары бүкіл Қазақстанға танылған дарын иелерінің өмір-жолдарына арналған «Ұрпақтары мақтан тұтқан тұлғалар» атты ақпараттық-библиографиялық шолу болып өтті.
Студенттерге жерлестеріміз: ақындар – Н.Байғанин, С.Жиенбаев, Қ.Шаңғытбаев, Е.Дүйсенбайұлы, жазушы – Т.Ахтанов, ақын-сазгер – Б.Тәжібаев, сазгер, музыканттар – А.Қ.Жұбанов, Ғ.А.Жұбановалардың шығармашылық еңбектері туралы мәліметтер беріліп, слайдтар көрсетілді. Шара барысында «Туған жердің тарландары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


