«Ұрпаққа ұран ұлы есім» атты әдеби-танымдық кеш
3 наурыз күні колледж кітапханасында Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың туғанына 95 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран ұлы есім» атты әдеби-танымдық кеш болып өтті. Кешке арнайы шақырылған қонақ – Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова облыстық мемориалды музейінің қызметкері А.Ш.Колмурзина қатысып,
Мәншүк өмірімен таныстырып өтіп, музей жұмыстары жөнінде мағлұматтар берді. Колледждің 2 курс студенттері Мәншүкке арналған ақындар өлеңдерін жатқа оқыды. Батыр қыздың өмірінен сыр шертетін баспа материалдары, түрлі әдебиеттер қойылып, «Ерлігің мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

