«Деструктивті ағымдардан жастарды қорғау»
09.02.2016 жылы Ақтөбе медициналық колледжіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымының кандидаты Айнұр Әбдірасылқызы мен Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Орынбасаров студенттерге дін мәселесі жөнінде кең ауқымда ақпарат беріп, студенттердің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.


