«Көше және жасөспірім»

Тәрбие бөлімі мен құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің ұйымдастыруымен «Көше және жасөспірім» тақырыбында ІІБ Илек полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитандары С.Ж.Балтамбекованың, С.Б.Ашимбекованың және Л.Ж.Ахметованың қатысуымен Ақтөбе медициналық колледжінде 2016 жылы 11 қараша күні кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Учаскелік полиция инспекторлары «Көше және жасөспірім» тақырыбында дәріс оқыды және сұрақтарға жауап берді.
