«Тәуелсіздік – ел арманы»

16-шы желтоқсан Тәуелсіздік  мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – ел арманы» атты  мерекелік шара желтоқсан айының 9-шы жұлдызында болып өтті. Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері мерекелік бағдарламаны Керей мен Жәнібек хандарының халықты қол астына жинаған сәтінен бастап ,  елдігі мен бірлігі жарасқан Қазақстанның кәзіргі кезеңіне дейін суреттелді. Мерекеде «Желтоқсан желі», «Астана», «Тәуелсіз елім», «Көк тудың желбірегені», «Елім ай» әндері көпшілік көңілінен шыға білді. Сонымен қатар VI Қайырымдылық балына қатысқан студенттер Облыс әкімінің орынбасарының қолы қойылған Алғыс хатпен марапатталады.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Колледж музыкалық жетекшісі:  Жаймагамбетов А.А.