«Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты тақырыбында отбасылық сайыс.
«Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі В.И. Тлеулесова, ата-аналар комитетінің мүшесі Г.Садыкованың ұйымдастыруымен, 1 курс студенттер арасында отбасылық сайыс өткізілді. Мақсаты: Ата-аналар мен студенттерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, студенттерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.




