«Менің мамандығым - менің болашағым»
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң-соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Адам өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі-жар таңдау болса, екіншісі- сенің мамандағың. Егер де сен мамандығыңды дұрыс, өз қалауыңмен таңдай білсең өмірдің кез-келген қиыншылығын оңай жеңесің деп ойлаймын. Сіздер болашақ мейірбикелерсіздер.
Мейірбике-емделушіге толық күтімді қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді. Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Бұл медбике мамандығына берілген құрғақ қана анықтама. Қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, медбикелер атқаратын жұмысы асқан жауапкершілікті қажет етеді.

Келесі 406 топ студенттерін өз өнерлерімен ортаға шығып көріністер көрсетті. Ендігі кезекте бүгінгі ашық топ сағатымыздың қонақ мамандарымызбен әңгімелесе отырайық деп сабақ беретін оқытушыларға сұрақтар қойылып, студенттерге түсінікті, ой салатын жауаптар алынды. Ашық тәрбие сағатында сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Мұсақызы Тәжібаева, Ата-ана комитетінің төрағасы Есенғазы Нұрлан Ізденұлы, Ата аналар: Убайтжанова Әйгерімнің әкесі — Салықбаев Камалбай Убайтжанұлы, Байкүлева Дананың анасы — Байкулева Халуа Сисенбайқызы, Қуанышұлы Тамирлан мен Еркебұланның анасы — Уразымбетова Айнагүл Әділбекқызы, колледж оқытушылары мен студенттері сөз сөйлеп ойларын ортаға салды.

406 топ студенттері ұстаздарға үлкен рахмет айтып ән салып, би билеп берді!Бізге осы жарық өмірді сыйлаған ата-анамызға мың алғыс деп шағын ойындар ұйымдастырылды. Ашық тәрбие сағаты өте тартымды өтті.