«Жастар және құқықбұзушылық»
Құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар және құқықбұзушылық» тақырыбында ІІБ Илек полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитандары С.Ж.Балтамбекова және Л.Ж.Ахметованың қатысуымен Кеңес Одағының Батыры М.Маметова атындағыАқтөбе медициналық колледжінің II ғимаратында 2017 жылдың 14 қараша күні кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Учаскелік полиция инспекторлары «Жастар және құқықбұзушылық» тақырыбында дәріс оқыды, сұрақтарға жауап берді және жеке кездесу өткізді.

