«Жыл волонтёры - 2020»
Желтоқсан айының 9 жұлдызында жылдың басты шарасы «Жыл волонтёры — 2020» жастар сыйлығының қорытындылау кеші өтті. Еріктілер жылын қорытындылап, марапат ұсынудағы басты мақсат жастардың волонтерлық қызметтегі тәжірибесі мен еңбектеріне қолдау білдіру. Осынау аталмыш шарада «Гиппократ» медициналық волонтер клубы қаламызда болып жатқан барлық игі шараларға қатысып, белсенділік танытып, облысымыздағы барлық оқу орындарының ішінен үздік атанып облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің марапаттауымен «Birgemiz» ұлттық жобасының Saýlyq бағыты номинациясы бойынша «Үздік волонтер» төсбелгісінің иегері атанды.

