Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметова атындағы мұражай.

Қыркүйек қазан айларында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражаймен 1-курс студенттері таныстырылды.
Мәншүк Мәметоваға тағзым!
2 қазан Мәншүк Мәметованың туған күніне орай Ақтөбе медициналық колледжі жанындағы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражайда ашық есік күні өткізілді. Мұражай 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды.Бұл шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары. колледж студенттері және мектеп оқушылары қатысады. Мәншүк Мәметоваға тағзым ету мақсатында гул шоқтарын қою,еске алу рәсімі жасалды.
7-желтоқсан күні«Ұранды елдің ұрпағы-қайсар!» атты Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне арналған облыстық семинарға келген қонақтар мұражай мен таныстырылды.
Колледж тарихы мұражайы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары және колледж студенттері «Колледж тарихы» мұражайында болды. Келген қонақтарға Колледж тарихы мұражайы туралы тың мәлемет берілді.





