Қантар айының 21 жұлдызында мемлекеттік тапсырыс бойынша босаған бос орындарға конкурс жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы», 30.11.2020 жылғы өзгерістермен «Білім алушыларды ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру тәртібі туралы ережені» басшылыққа ала отырып, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің 31.01.2022 жылғы №3 педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша төменде аталған студенттер ақылы топтан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша топтарға ауыстырылды: