«Педиатриядағы шұғыл көмек көрсету» шебер-класс

Имени героя Советского Союза Маншук МаметовойҚаңтар айында Ао МІДО орталығында арнайы дайындалған тренер оқытушылардың қатысуымен №1 «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» орта буын медицина  қызметкерлеріне «Педиатриядағы шұғыл көмек көрсету» тақырыбында шебер класс өткізілді. Шебер класс өткізу мақсаты: мүгедек балалар бөлімшесіндегі орта буын медицина қызметкерлеріне мүгедек  балаларға жүргізілетін алғашқы көмек, кенеттен жүрек тоқтауы кезіндегі балалардың жас ерекшелігіне орай жүргізілетін жүрекке тікелей емес массаж жасау техникасы, өкпеге жасанды дем беру, құрысу, естен тану, сыртқы тыныс жолдарына бөгде заттың түсуі кезіндегі алғашқы көмек және мүгедек балалардың күтімі жайында жаңа алгоритмдерімен танысу сонымен қатар өз қызметінде қолдану. Шебер класс өту барысында барлық тақырыптар талқыланып, симуляциялық кабинеттерде тыңдаушылар тәжірибелік дағдыларын шындады. Шебер класқа қатысқан  тыңдаушылармен оқытушылар арасында кері байланыс орнатылып, шебер класс өз мақсатына жетті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой