Кезекті Координациялық кеңес отырысы

2021 жылдың 28 тамызында Ақтөбе облысының мейірбике ісін дамыту орталығы кезекті Координациялық кеңес отырысын өткізді. Координациялық кеңес отырысына офлайн режимде қалалық бас және аға мейірбикелері, онлайн режимінде аудандық бас мейірбикелер қатысты. Сонымен қатар кеңеске Ақтөбе облысының қоғамдық денсаулық сақтау, дәрілермен қамтамасыз ету емдік профилатикалық  бөлімнің бас маманы А.Д. Тржанова облысымыздың денсаулық сақтау саласындағы жақсы жақтары мен қатар кемшіліктерін айта отырып,«Триединство образования, науки и практики в сестринском деле» жол картасында көрсетілгендей облыстық денсаулық сақтау басқармасында мейірбике ісінің үйлестірушісі лауазымына қайта тағайындау керек. Координациялық кеңес отырысында колледж директоры М.Х.Кузбаков бүгінгі ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында кеңейтілген практикасы мейіргерлерінің (қолданбалы және академиялық бакалавриат бағдарламалары бойынша даярланған) 40 % пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. Ақтөбе облысы бойынша орта буын қызметкерлерінің ассоциация төрайымы Кальян И.В., Ақтөбе облысының  мейірбике ісі бойынша штаттан тыс маманы Рыбакова В.В. жарты жылдық жасаған жұмыстары туралы есептерін берді.

Координациялық кеңес төрайымы алдағы жасалатын іс шаралармен таныстырды. Координациялық кеңес отырысында штаттан тыс бас мейірбике маманының аудандық ауруханаға ауысуына байланысты, Ақтөбе облысының  мейірбике ісін дамыту орталығының академиялық бакалавр дәрежесі бар оқытушысы, Координациялық кеңес төрайымы Абдушева А.А. штаттан тыс бас мейірбике маманы орнына бір ауыздан қайта сайланды

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой