Өңірлік Worldskills Aktobe-2021 чемпионаты

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе  Жоғары медициналық колледжінің базасында 2021 жылдың 19-21 мамыр аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік Worldskills Aktobe -2021 чемпионаты өтті. Чемпионатқа Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық,көпсалалы «Болашақ», Баишев жоғары медицина колледждері атынаң 2 өкілден  алты қатысушы қатысып.Чемпионат алты модуль бойынша үш аймақта үш күн аралығында өтті. Қатысушылар дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетіп бақ сынады. Аймақтық чемпионаттың әділқазылар алқасының төрағасы — республиқалық Worldskills Kazakhstan техникалық комитетінің мүшесі,Ақтөбе жоғары политехникалық колледж директорының оқу-өңдірістік ісі жөніңдегі орынбасары Қыдырбаев Таңжарық Өтемісұлы,бас сарапшы ретінде «Отбасылық медицина орталығының» аға мейірбикесі- Мукушева Алма Абдигалиқызы, бас сарапшы орынбасары «Жедел медициналық көмек ауруханасының» аға мейірбикесі- Арипова Гульназ Қлышбекқызы  және әр қатысушы жағынан екі өкілден құралған сарапшылары қатысушылардың дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін бағалады. Чемпионаттын қорытындысы бойынша қатысушылар Ақтөбе облысының білім басқармасының Дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. I-ші жүлделі орынды және  30 000 тенге  ақшалай сертификатты   Жакупова Амина, II-ші жүлделі орынды және 20 000 тенге ақшалай сертификатты Арыстанқазы Толғанай иеленді. Екі женімпазда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе  Жоғары медициналық колледжінің өкілдері. III-ші жүлделі орынды және 10 000 тенге ақшалай сертификатты Баишев жоғары  медициналық колледж қатысушысы Балымбетов Құаныш иеленді. Көпсалалы «Болашақ» колледж чемпионат  қатысушысы- Разақбергенова Арайлым кәсіби шеберлігі үшін медаліме марапатталды. Даиыш Мадина Баишев жоғары  медициналық колледж  және Бисенбаев Әли Көпсалалы «Болашақ» колледж қатысушылары   сертификатпен марапатталды.Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе  Жоғары медициналық колледжінің атынан чемпионатта белсенділік танытқан «Мейірбике ісі» ЦӘК арнайы пән оқытушылары, статистер мен волонтерлер марапатталды. I-ші жүлделі орынды иеленген өңірлік Worldskills Aktobe -2021 чемпионатының женімпазы республиқалық Worldskills Kazakhstan чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік Worldskills Aktobe -2021 чемпионаты эпидемиологиялық  жағдайға байланысты барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып онлайн және офлайн форматта үйымдастырылды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой