Студенттердің ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы

31.03.2021ж. колледж студенттері онлайн режимінде «Студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері: талдау және мәселелер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық және медицина ғылымдары бойынша жас ізденушілердің ғылыми және практикалық тәжірибесімен алмасу, осы салаларда жаңа білімді қалыптастыру, танымдық және зияткерлік шығармашылық қызметті дамыту. Конференцияның міндеттері: жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне жәрдемдесу және ынталандыру. ІІІ дәрежелі диплом иегері «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығының 2 курс студенті Ерубаева Назкен, ғылыми жұмыс тақырыбы: «Интервенциялық кардиологиядағы мейіргер жұмысының маңыздылығы» ғылыми жетекшілері Қаршыға Ә.А., Динашова Ж.Б., ІІІ дәрежелі диплом иегері. «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығының 1 курс студенті Бурханова Алия, ғылыми жұмыс тақырыбы: «Мейірбикелік процестің жедел ми қан тамырлары сырқатына ұшыраған науқастарға көмек көрсетудегі тиімділігі» ғылыми жетекшілері Тлеулесова В.И., Турганбаева Г.А. «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенті Бисембаева Нұрханым алды, ғылыми жұмысының тақырыбы: «Екпе кезіндегі медбикенің рөлі» ғылыми жетекшілері Аязхан У.Б.., Зайлагиева Н.А. қатысқаны үшін сертификатпен марпатталды. Конференция соңында тезистер ғылыми-практикалық конференция жинағына жарияланады.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой