Педагогикалық кеңес №4
30 наурыз 2021жылы колледжде онлайн режимде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі төмендегідей мәселелер тыңдалып, талқыланды:
1. 9 сынып негізіндегі «Медбикелік іс» бөлімінің жұмыстарын тексеру қорытындысы . 2. Жұмыс берушілер мен медбикелер үшін білімін жетілдіру бөлімінің тренингтік бағдарламаларын өткізу. 3. Әлеуметтік топтағы және инклюзивті топ студенттерімен жүргізілген жұмыстар. 4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру деңгейі, физикалық өзін-өзі жетілдіру және дамыту қабілеті. 5. Колледждің еріктілер қозғалысы туралы есеп.
Қортындысында колледж ұжымы алдына оқытушылардың пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды толықтыру,қазіргі таңдағы өзекті «COVID-19 инфекциясымен ауырғандарға реабилитация жүргізу» тақырыбына шебер-класс, семинар-тренингтер өткізу,инклюзивті топтарға сабақ беретін оқытушылар арнайы курстардан өткізу, оның ішінде «Ортопедиялық стоматология» тобына сурдоаудармашы курсын оқыту,салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жандандыру,еріктілер қозғалысын дамытудың инновациялық формалары қолдану міндеттері қойылды.
