Колледж жатақханасына орналастыру басталды!!!

ҚР білім және ғылым Министрлігінің  28.12.2020-ғы № 548 шығыс хаты негізіндегі бұйрығын негізге ала отырып «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» Ережесі бойынша Колледж жатақханасына орналастыру басталды. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындысы бойынша жатақханадан орын беру жұмыстарын жүргізеді. Жатақханадан орын беру стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып 150 орынның 75 орынына студенттер орналастырылады. Білім алушыларға жатақханалардан орын беру келесі негіздемелер мен кезектілік ескеріліп жүзеге асырылады.

-Ақтөбе облысының 1 курс студенттеріне
Оның ішінде;
-Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
-Мүмкіндігі шектеулі студенттерге (І,ІІ топ);
-Көп балалы отбасы студенттеріне;
-Аз қамтылған отбасы студенттеріне;
-Кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге:
(Бос орын қалған жағдайда басқа облыс студенттеріне және 2,3 курс студенттеріне беріледі)
Жатақханаға орналасу үшін тапсырылатын құжаттар:
1.Белгіленген үлгіде жазылған өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат;
3.Әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (болған жағдайда);
4.Ата – анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
5.Отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасынан шыққан балалар үшін); Мына сілтемеге өтіңіз.