Жоғары оқу орны студенті мен колледж студенті арасындағы кәсіби байланысты нығайту аясында
2020 жылдың 12 –ші желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің 1 курс студентеріне арналған М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетіндегі анатомиялық мұражайға виртуалды саяхат ZOOM –платформасы арқылы өткізілді.
Шараның мақсаты:
колледж студенттерінің болашақ мамандыққа қызығушылығын еселеу;
«Анатомия — медицина ғылымдарының негізі» қағидасын ұстана отырып, осы пән бойынша студенттердің білімдерін арттыру;
колледж студенттерін ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу.
Шараны ұйымдастырушылар: Колледж «Жалпы кәсіби пәндер» ЦӘК оқытушылары мен М.Оспанов атындағы университетінің «Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативті хирургия» кафедрасының доценті Жайлыбаев М.С және оқытушысы Сапарғалиева Ә.А.


