Ата заңым - айбыным
Колледжде 2020 жылы қыркүйек айының 1 жұлдызында Білім және Конституция күндеріне арналған «Ата заңым — айбыным» тақырыбында онлайн бағытында мерекелік шара өтті. Медицина мамадығын таңдап, колледж табалдырығын аттаған студенттерді, ата- аналарды және колледж ұжымын колледж директоры М.Кузбаков мерекелерімен құттықтады. «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Фармация» «Стоматология», «Зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша қабылданған 1 курс студенттеріне заман талабына сай қашықтан сабақ өткізуге жабдықталған кабинеттер, кітапханамен таныстырылып, М.Мәметова атындағы мұражайға онлайн саяхат жасалды. Студенттер және ата — аналар колледж ішкі тәртібі мен оқу барысы қалай жүргізілетіні түсіндірілді. Адам өмірінің арашасы болар маман даярлауда оқу жылы сәттілікке толы болғай!

