«Мамандықты таңдау - болашақты таңдау» ашық есік күні

2019 жылдың 13 наурызында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмысшы тобы мен студенттер «Мамандықты таңдау — болашақты таңдау» тақырыбында мектеп оқушыларына арнап колледжбен таныстыру шарасын ұйымдастырды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой
Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

 Ашық есік күнінің мақсаты — еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, мектеп оқушыларының бойында болашақ мамандықтарын таңдау еркіндігін қалыптастыру. Шара барысында колледж кітапханасының меңгерушісі кітапты пайдалану ережелерімен таныстырды, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражайға экскурсия жүргізілді. Кәсіби пәндер оқытушылары шебер-класс өткізіп, клиникаға дейінгі тәжірибелік оқу кабинеттерімен таныстырды. Колледж психологтары мектеп оқушыларымен сауалнама және тренингтер өткізді.