Благотворительный бал
Желтоқсан айының 11 күні «Әсем» оқу орталығында ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қайырымдылық балы» болып өтті.

Балға облыс әкімі Б.М Сапарбаев қатысып, облысымыздың өнер,білім, спорт және тағы да басқа салада айрықша көзге түскен жастарды «Жас Ақтөбе-2018» сыйлығымен марапаттап, Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің студенттеріне шараға белсене араласқаны үшін құттықтау хаттар мен сертификат табыс етті.

Колледж студенттері балды ағылшын, испан, қазақ вальсімен көркемдеді.




