Эпидемиологпен кездесу

2018 жылдың   қараша айында   «Мейіргер ісі» бөлімінің оқытушыларының ұйымдастыруымен  колледж мәжіліс залында   “ЖИТС және АИТВ”тақырыбында Ақтөбе облыстық   ЖИТС орталығының дәрігер – эпидемиологы   Байменова Ляззат Утарбаевнамен  кездесу  өтті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Шараның мақсаты:  ЖИТС- ның адам өміріне  зиянды әсерін аша отырып,  студенттерді зиянды әдеттерден барынша аулақ болуға, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға баулу

Кездесу барысында Ляззат  Утарбаевна  адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі  ЖИТС  дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын,  одан сақтана, қорғана білу туралы  айтып, студенттермен өз ойын бөлісті. Колледж оқытушылары студенттерге  салауатты өмір салтын  қалыптастыру мақсатында   ЖИТС тақырыбына байланысты    «Мечта» фильмін көрсете отырып,   көптеген мағлұматтармен таныстырды.  Іс – шараға «Мейіргер ісі» бөлімінің  меңгерушісі В.И.Тлеулесовада қатысты.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой

Шара соңы тренинг арқылы қорытындыланды.  Студенттер  қызығушылық, танытып,  өз белсенділіктерін  көрсетті.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой