«Мен сені сүйем, өмір!» атты мерекелік шара
10 қараша күні стоматология бөлімінің меңгерушісі Р.Р.Тобажанованың ұйымдастыруымен «Мен сені сүйем, өмір!» атты мерекелік шара өтті.

Шараның ерекшелігі: инклюзивті оқытуда нашар еститін және есту қабілеті бойынша мүгедек студенттер өз өнерлерін көрсетті.

Мақсаты:
1.Өмірге деген қызығушылықтарын, құштарлығын ояту
2.Жаңа ортада қарым-қатынастарын қалыптастыру
3.Мамандыққа қызығушылықтарын арттыру

Шара студенттерді өмірдің құндылығын сезіндіруге, өмірден өз орнын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйретті.

