«Жалпыгуманитарлық пәндер» ЦӘК ашық апталығы туралы мәлімет
2018 жылдың 22-27 қазан аралығында «Жалпыгуманитарлық пәндер» ЦӘК- і бойынша ашық пән апталығы өткізілді. Апталық «Үш тіл білу жарқын болашақтың кепілі» атты салтанатты шарамен ашылып, ашық сабақтар көрсетілді.

Атап айтсақ: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.А.Амантаева «І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы» тақырыбында, орыс тілі пәнінің оқытушысы О.Б.Жетписова «Глагол. Морфологические разборы» тақырыбында ашық сабақтар берді.

Апталықтың келесі күндері ағылшын тілі пәнінен А.Т.Қанатбаева «The heart and vascular system. Жүрек және тамыр жүйесі. Reflexive pronouns.

Өздік есімдіктер», психология пәнінің оқытушысы Н.Ш.Кудабаева «Ес және назар», ағылшын тілі пәнінің оқытушысы М.С.Абитова «Our future profession. Біздің болашақ мамандығымыз. The Noun. Зат есім», қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.Б.Жазыкова «Сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы.


Массаж түрлері» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. «Жалпыгуманитарлық пәндер» ЦӘК-нің пәндік апталығы өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды.

